Қайрат плей-оффта, бірақ Қазақстан Еуропа рейтингінде бір қадам да алға жылжымады – себебі неде?

15.08.2025, 15:45

Еурокубоктардың үшінші іріктеу кезеңінің қарымта матчтарынан кейін Қазақстан УЕФА коэффициенттер рейтингінде 39-орынды сақтап қалды.

Қайрат плей-оффта, бірақ Қазақстан Еуропа рейтингінде бір қадам да алға жылжымады – себебі неде?

Коэффициент — бұл орташа мән. Ағымдағы маусымдағы жиналған жалпы ұпай саны елдің Еуромаусымға қатысқан клубтар санына бөлінеді және оған алдыңғы төрт маусымдағы нәтижелер қосылады. 

Бұл аптада "Қайрат” Чемпиондар лигасы аясында Словакияның "Слован” командасына қарсы қарымта ойын өткізді. Негізгі уақытта алматылықтар 0:1 есебімен ұтылғанымен, пенальти сериясында 4:3 есебімен жеңіп, плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Ал "Астана” Конференциялар лигасының өз алаңындағы ойынында Швейцарияның "Лозанна” клубынан 0:2 есебімен ұтылып, Еурокубокпен қош айтысты.

УЕФА коэффициенттер кестесі:

  1. Англия – 94.839
  2. Италия – 84.374
  3. Испания – 78.703
  4. Германия – 74.545
  5. Франция – 67.748
  6. Нидерланды – 61.283
  7. Португалия – 55.466
  8. Бельгия – 53.050
  9. Түркия – 43.300
  10. Чехия – 40.100
    …  39. Қазақстан – 11.750

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×