Қазақстан УЕФА рейтингінде екі саты төмендеді

Бұған дейін 34 орында тұрған еліміз, қазірде 36 орынға сырғып түсті.

Қазақстан УЕФА рейтингінде екі саты төмендеді

“Қайрат” ФК басқа ұжымдарымыз биыл еурокубокте ел үмітін ақтай алмады. Жеңілісті нәтижелер Қазақстанның УЕФА рейтингіне кері әсерін тигізді. 

Мәселен, келер маусымда еліміздің атынан Еуропа Лигасында ешқандай командамыз бақ сынамайды. Себебі, Қазақстан футболы мықты 33 мемлекеттің қатарында жоқ. Біздің алдымызда Ирландия, Молдова, Исландия, Армения, Косово елдері тұр. Бір қызығы, бірнеше жылдар бойы еурокубокке қатыспай келген Ресей топ-30 тізімінде әлі де орнын сақтап тұр.

Келесі жылы Чемпиондар Лигасында әдеттегідей “Қайрат” командасы бақ сынасады. Ал Конференция Лигасында “Астана”, “Тобыл” және “Елімай” ұжымдары өз сәттіліктерін сынап көреді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Масқара 10
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×