Қазақстан – Уэльс матчына кім төрелік етеді?

03.09.2025, 12:00

2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойынын Испаниялық төрешілер бригадасы жүргізеді.

Қазақстан – Уэльс матчына кім төрелік етеді?

УЕФА мәліметінше, бас қазы болып Алехандро Эрнандес тағайындалды. Оған көмекшілер ретінде Хосе Наранхо мен Диего Санчес қызмет атқарады.

Төртінші төреші Хосе Луис Мунуэра. ВАР жүйесінің бас қазылығы Сесар Сотоға жүктелсе, оған ассистент видеоқазы ретінде Алехандро Муньис Руис көмектеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×