Қазақстан – Уэльс: ресейлік басылым Қазақстанды неге қорлады? Алаң иелерінің шамасы ары кетсе бір голға ғана жете ме?

02.09.2025, 11:39

Ресейлік «Ведомости» порталы Қазақстан – Бельгия кездесуіне тоқталып, Әли Әлиев жаттықтыратын алаң иелерінің мүмкіндігін бағалады.

Қазақстан – Уэльс: ресейлік басылым Қазақстанды неге қорлады? Алаң иелерінің шамасы ары кетсе бір голға ғана жете ме?
Уэльс - Қазақстан кездесуі

Ұлттық команда ӘЧ-2026 іріктеуі аясында бейсенбіде Уэльсті қабылдайды.

«J тобында сарапшылар әу бастан-ақ Қазақстанға ең соңғы орындардың бірін берген. Ал бұл бестіктегі фавориттер қатарына Бельгия мен Уэльс жатқызылған еді. Үміткерлерлердің финалға шығар жоспарын Солтүстік Македония бұзды. Балкандықтар өз алаңында қос көшбасшымен де тең ойнап, екі аутсайдерді ұтып кеткен. Қазақстандықтар алдын-ала болжанғандай-ақ Лихтенштейнді жеңіп, Уэльс пен Солтүстік Македониядан есе жіберді. Плей-офф аймағына таласта (одан жоғары орынға үміттену мәнсіз) көршілеріміз өз алаңында Уэльсті міндетті түрде ұтулары тиіс. Әли Әлиевтің командасының қолынан мұндай  мүлде келмейді деген күдік бар. Алайда, тым болмағанда бір гол соғу деген секілді шағын жетістікке алаң иелері әбден қауқарлы. Британдықтар допты көп салады, сондай-ақ, аз жібермейді де», - делінген порталдың материалында.

Ұлттық команда ӘЧ-2026 іріктеуі аясында Уэльстен кейін Бельгиямен жолығады. Сырт алаңдағы бұл бәсеке 7-қыркүйекке жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×