Қазақстан Уэльс үшін қауіпті қарсылас

21.03.2025, 21:27

Британдық Footballmad.co.uk сайты Қазақстан құрамасын Уэльс үшін қауіпті қарсылас санайды.

Қазақстан Уэльс үшін қауіпті қарсылас
Асхат Тағыберген

Портал Әли Ханәліұлы Әлиевтің командасының мықты тұстарына тоқталған. 

«Бұл «Уэльс» пен «Қазақстанның» негізгі ерлер құрамалары деңгейіндегі алғашқы кездесуі болмақ.

Алайда Уэльске тым сенімділікке бой алдырмаған жөн: Қазақстан Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі он матчтың алтауында жеңіске жетті, Солтүстік Ирландияны өз алаңында да, сырт алаңда да ұтты, сондай-ақ Дания мен Финляндияны тізе бүктірді», - делінген сайттың материалында. 

Қазақстандық футболшылар наурыздың 22-нен 23-не қараған түні Уэльске қарсы тұрмақ. Ал тағы үш күн өткен соң сыртта Лихтенштейн құрамасымен жолығады.

Бұл екі матч ӘЧ-2026 іріктеуі аясындағы ойындар. Бізден бөлек J тобында тағы Бельгия мен Солтүстік Македония құрамалары да бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×