Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялап, Қазақстан командасының позициясына қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Жаңа тізім бойынша Қазақстан құрамасы 111-ші орынды иеленіп отыр. Команданың еншісінде 1180,78 рейтингтік ұпай бар.
Айта кетерлігі, алдыңғы жаңартумен салыстырғанда ұлттық құрама өз позициясын өзгерткен жоқ. Жоғарылаған да, төмендеген де жоқ.
ФИФА рейтингі тек статистикалық көрсеткіш қана емес, ол халықаралық турнирлердің жеребесін өткізу және командаларды себеттерге бөлу кезінде басты назарға алынатын құрал болып табылады.