Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы алдында құрамды қысқартты: 13 футболшы шет қалды

Бүгін, 20:50

Қазақстан Ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының матчтары алдында кеңейтілген тізімдегі 13 футболшыдан бас тартып, соңғы құрамын айқындады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы алдында құрамды қысқартты: 13 футболшы шет қалды

Команданың қорытынды өтініміне төмендегі ойыншылар енбей қалды:

– Мұхаммеджан Сейсен («Астана») 
– Сұлтанбек Астанов, Абинұр Нұрымбет (екеуі де — «Ордабасы») 
– Темірлан Ерланов, Талғат Кусяпов (екеуі де — «Ақтөбе») 
– Еркін Тапалов («Қайрат») 
– Сағадат Тұрсынбай («Жеңіс») 
– Владислав Васильев, Оралхан Оміртаев (екеуі де — «Оқжетпес») 
– Сағи Совет («Қайсар») 
– Алмас Төлеубай, Акмаль Бахтияров (екеуі де — «Елімай») 
– Дастан Сатпаев («Бёрнли», Англия) 

Ұлттар лигасының жаңа маусымында Қазақстан құрамасы C дивизионының 3-тобында өнер көрсетеді. Ондағы қарсыластары — Словакия, Молдова және Фарер аралдары құрамалары.

Қазақстандық футболшылар алғашқы кездесуін 26 қыркүйекте қонақта Фарер аралдарына қарсы өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Aladop Youtube
×