Қазақстан ұлттық құрамасын алдағы матчтарда не күтіп тұр?

15.03.2025, 16:40

Қазақстан премьер-лигасының 2-тур ойындары аяқталды.

Қазақстан ұлттық құрамасын алдағы матчтарда не күтіп тұр?
Айбар Жақсылықов

Енді назарымыз Қазақстан ұлттық құрамасында. Құрамамыз 22-наурыз күні түнгі сағат 00:45-те Кардифф қаласында “Кардифф сити” стадионында Уэльске қарсы ойнайды. Ал одан кейін тура 3 күн өткенде Вадуц қаласында “Райнпарк” стадионында бізді Лихтейнштейн құрамасы күтіп отырады. Келесі жылы өтетін әлем чемпионатының финалдық кезеңінде өнер көрсеткіміз келсе бұл ойындарда барымызды салуымыз керек. 

Бұл турнирдегі алғашқы қарсыласымыз Уэльс құрамасы біз үшін адуынды қарсылас. Ұлттар лигасында біз секілді B лигасында өнер көрсетіп, өз тобында бірінші орынды иеленген еді. Келесі ұлттар лигасында енді бұл құрама A лигасындағы құрамалармен күш сынасады. Дәл қазір Уэльстің құрамының 90%-ын ағылшын біріншілігінде доп тебетіндер құрайды. Оның ішінде “Тоттенхэм” сапында ойнайтын Бен Дэвис пен Бреннан Джонсонды ерекше атап өтсек болады. Бұл ойыншылар Уэльстің ең басты жұлдыздары. 

Ал Лихтенштейнге келер болсақ, ауыз толтырып айтарлықтай жұлдыздарды атап өте алмаймыз. Біздің бұл қарсыласымыз Ұлттар лигасының D дивизионында өнер көрсетеді. Ұлттар лигасының соңғы циклында Сан-Марино мен Гибралтардан асып түсе алмады. Дегенмен, қарсыласымызды менсінбеуімізге болмайды. Күтпеген жерден ұпай жоғалтып алуымыз ықтимал. Себебі, екі қарсыласымызды да білмейміз. Екеуімен де ойнап көрген емеспіз.

Өзіміз ше? Өзіміз болсақ B лигасында бір рет Норвегиямен тең түсіп, қалған ойындардың бәрінде ұтылып шықтық. Бұл лига біздің деңгейде емес екенін түсіндік. Екі ортада бапкер де ауыстырдық. Али Алиев мырза құрамамызға тың серпін алып келетініне сеніміміз мол. Осы ойындарда нағыз деңгейіміз қайда жатқанын түсінетін боламыз. Әлем чемпионатына шынымен-ақ шыға алар қауқарымыз бар ма? Бәрі белгілі болады. 

    Нұрасыл Мұратбек

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×