Қазақстан ұлттық құрамасының қарсыласы жарақатына байланысты пікір білдірді

20.08.2025, 20:25

«Наполи» шабуылшысы Ромелу Лукаку жарақатына байланысты пікір білдірді.
Футболшы жамбасын жарақаттап, үш айдан астам уақытқа алаңнан тыс қалуы мүмкін.

Қазақстан ұлттық құрамасының қарсыласы жарақатына байланысты пікір білдірді
Ромелу Лукаку

«Соңғы күндері жіберген хабарламаларыңыз үшін бәріңізге рақмет. Қолдауларыңызды өте қатты бағалаймын.

Бәлелер болады, жарақат – ойынның бір бөлігі. Бірақ құдайдың рақымымен өзімді жақсы сезінемін, қандай жағдай болса да әрқашан позитивке қараймын.

Жақын арада кездескенше. Ром», – деп жазды 32 жастағы футболшы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×