Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы “Қайратта” қала беретін болды

Алматы ұжымы 23 жастағы қорғаушының келісім шартын ұзартпақ.

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы “Қайратта” қала беретін болды

Дамир футбол спортына бет бұрғалы тек “Қайрат” құрылымында ғана өнер көрсетті. Қорғаушы алматы ұжымының Мәскеудегі филиалы командасын қосқанмен, барлығы 162 матч өткізді. 

Биылғы маусымда Қасаболат өз мансабында алғаш рет Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңінде өнер көрсетті. 

Айтпақшы, 2025 жылдың қыркүйек айында 23 жастағы қорғаушы Қазақстан құрамасында Уэльске қарсы ойында дебют жасады (0:1). Содан бері Алматы футболының түлегі команда жейдесінде 5 кездесу өткізді. 

Трансфермаркет Қазақстанның 2-дүркін чемпионын 600 мың еуроға бағалайды.

Дереккөз: Дикая Пуля

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Қайрат ФК
Aladop Youtube
×