Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы мансабын қайда жалғастыратынын анықтағандай болды

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Аслан Дарабаев “Хан-Тәңірі” командасына ауысуы мүмкін, деп жазады Аладоп.кз.

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы мансабын қайда жалғастыратынын анықтағандай болды

35 жастағы футболшы қысқы трансферлік ауысымда “Астана” клубынан кетіп, еркін агент атанған еді. 

Жалпы хавбекке “Ақтөбе” мен “Тобыл” клубтары да қызыққан болатын. 

Бұған дейін алматылық ұжым Марат Шахметов, Андрей Пасеченко, Абзал Таубай, Алиби Тұзакбаев, Димаш Кашкен сынды тәжірибелі аяқдопшылармен құрамын күшейтіп алған еді. 

Дарабаев ҚПЛ “Шахтер", "Ақтөбе", "Астана", "Жетісу", "Каспий", "Ертіс" және "Атырау" клубтарында өнер көрсетуімен танымал болған ойыншы. Ел құрамасында ол барлығы 21 ойын өткізіп, 1 гол соқты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 3
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×