Қазақстан ұлттық құрамасының жеңіліс сериясы 4 матчқа жетті

Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының В дивизионында қатарынан 5-ші рет жеңіліс тапты. Бұл жолы аяқдопшыларымыз Алматыда Аустрия құрамасына 0-2 есебімен есе жіберді.

Қазақстан ұлттық құрамасының жеңіліс сериясы 4 матчқа жетті

Ойынның тағдыры алғашқы таймда-ақ шешілді. Азулы қарсылас ә дегеннен шабуылға шығып, небәрі 15-минутта Кристоф Баумгартнер гол соғып, қонақтарды есепте алға шығарды. Сары жиделілер стадионға жанкүйерлердің қолдауымен арасында мүмкіндік тауып шаубылдап, Асхат Тағыберген алыстан жойқын соққы жасаған, бірақ қақпашы Шлагер қауіптің бетін қайтарды. Ал кездесудің 23-минутында Александр Марочкин қақпаға қарай ұмтылған Баумгартнерді шалып жығып, төреші ойланбастан қорғаушыға қызыл қағаз көрсетті. Ал дәл сол жерден айып соққысын тамаша орындаған Михаэль Грегорич Стас Покатиловты қапы қалдырды. Есеп 0-2. Әрі қарай бір ойыншыға кем қалған алаң иелері үшін жағдай тіптен қиындап кетті. Сан басымдығына ие болған аустриялықтар үшінші голды салуға жақын болған. Бірақ, Патрик Виммер аяғына топ ете қалған допты бос тұрған қақпаның бағанасына тепті.

Екінші таймда, Ральф Рангник шәкірттері екі гол басымдығын қанағат тұтқан секілді. Допты көбірек өздерінде ұстап, аса қауіпті шабуылдар ұйымдастырмады. Отандастарымыз да жанкештілікпен қорғанып, таблодағы көрсеткішті ұлғайтпауға тырысты. Жалпы Станислав Черчесов Әділет Жұмахановты бірінші таймда, екінші кезеңде Ғалымжан Кенжебек пен Жан-Али Пайруз, Рамазан Оразовтарды алаңға шығарып, жастарға мүмкіндік берді. Өкінішке орай, Ұлттар лигасының топтық кезеңінде осымен 4-ойында ұпай еншілемек түгілі тағы да гол соқпай матчты аяқтадық. Ал келесі турда Қазақстан футболшыларын Ослода Эрлинг Холланд бастаған Норвегия құрамасы алақанын ысқылап күтіп тұр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×