Қазақстан жастар құрамасында өнер көрсеткен футболшы Алтай сапын толықтырады

Дмитрий Шмидт өз мансабын туған қаласында жалғастырады.

Қазақстан жастар құрамасында өнер көрсеткен футболшы Алтай сапын толықтырады

32 жастағы қаптал қорғаушысы соңғы рет талдықорғандық “Жетісу” сапында өнер көрсетті. Ол өткен маусым қорытындысы бойынша Самат Смақов командасында 25 матч өткізіп, 2 гол соқты. 

Айта кетейік, Дмитрий Шмидт - Шығыс Қазақстан футболының тәрбиеленушісі. Кәсіби мансабын “Восток”. клубында бастаған.

Одан кейін “Ақжайық”, “Ертіс”, “Елімай” және «Жетісу» клубтарында енер көрсетті. Сондай-ақ, “Алтай” ойыншысы 19 және 21 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер және жастар құрамаларында ойнаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×