Қазақстан жастары Андоррадан басым түсті

05.06.2025, 22:12

Қазақстан U-21 құрамасы 2027 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін сәтті бастады.

Қазақстан жастары Андоррадан басым түсті

«Астана Арена» стадионында өткен алғашқы ойында біздің құрама Андорра командасын 1:0 есебімен жеңді.

Ойын бойы алаң иелері басымдық танытты. Қазақстан жастары қарсылас қақпасына 14 соққы жасағанымен, оның тек 3-уі ғана тура бағытталды. Құрамадағы өзгерістер ойыншылардың өзара түсініспеушіліге әкеліп соқты. Қонақтар да бірнеше қауіпті шабуылмен жауап қайырды. Айта кетерлігі, матчтың жалғыз әрі шешуші голын 11-минутта Олжас Байбек алыстан бағыттаған соққымен салып, командасына жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп: 1:0.

Келесі матч 8 қыркүйекте өз алаңында Англияға қарсы өтеді.

Қазақстан U-21 — Андорра U-21 — 1:0 (1:0)

Гол: Байбек, 11 (1:0)

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×