Қазақстандағы букмекерлік компаниялардың табысы сыртқа кетуде? 3,9 трлн теңгенің 80 пайызы Ресейге шығарылған...

24.11.2025, 11:37

Қазақстанда ойын бизнесіне арналған Бірыңғай есеп жүйесін (БЕЖ) енгізу мәселесі қайтадан күнтәртібіне шықты.

Қазақстандағы букмекерлік компаниялардың табысы сыртқа кетуде? 3,9 трлн теңгенің 80 пайызы Ресейге шығарылған...

Бұл туралы жуырда Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек айтқан болатын. Айтуынша, БЕЖ – ұлттық қауіпсіздік пен ел экономикасына қауіп төндіруі мүмкін екен.

«Мәжілістің заңнама комитеті қарап жатқан жобада БЕЖ операторы ретінде көрсетілген жүйе ресейлік NomaPay компаниясымен байланысты болуы мүмкін. Базарбектің сөзінше:

  • Қазақстандағы букмекерлік нарықтың жылдық айналымы 3,9 трлн теңге,
  • Соның 80%-ы (шамамен 3,12 трлн теңге) шетелдік операторға кетеді,
  • Қазақстанда тек комиссиялық табыс қана қалады – яғни шамамен 20%.

 

«Ресейлік компаниялар ештеңе істемейді. Олар жай ғана платформаны жасады. Сол арқылы біздің миллиардтарды сорып алады», - деген мәжілісмен кейбір әріптестері мен Үкіметті шетелдік, оның ішінде ресейлік компаниялардың мүддесін қорғап отыр деп айыптаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 3
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×