Қазақстандағы ең ірі әуе компанияларының бірі “Қайрат” командасын тегін тасуға ниет білдіріпті

Air Astana Алматы ұжымының Чемпиондар Лигасындағы тасымалына жауап беретін болды.

Қазақстандағы ең ірі әуе компанияларының бірі “Қайрат” командасын тегін тасуға ниет білдіріпті

“Қайрат” командасы Чемпиондар Лигасының осы маусымында Лиссабон, Милан, Копенгаген және Лондонға сапар шегеді. Ал сол сапарлар Air Astana әуе компаниясымен жүзеге аспақ. 

Эйр Астана өз жолаушыларына 2001 жылдан бері қызмет жасап келеді. Қазіргі таңда әуе компания ұшақтары 129 бағыт бойынша ұшады. Құрамында 6500 қызметкері бар компания өз саласы бойынша Орта Азияда ең ірі болып саналады. 

Айтпақшы, “Қайрат” командасының ойыншылары бұл компанияның қызметін қолданып үлгерді. Бүгінде Лиссабонға табан тіреген алматылықтар 7000 шақырымды артқа тастады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Қайрат ФК
Aladop Youtube
×