"Қайрат" пен "Брюгге" (1:4) арасындағы кездесуден кейін Бельгиялық Nieuwsblad.be порталы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Басылымның пайымдауынша, бұл ойында Бельгиялықтар үшін жеңістен өзге жол болмаған.
Мақала авторы егер "Брюгге" Алматыда ұпай жоғалтқанда, Бельгия басылымдары "Қазақстандағы масқара" деген тақырыптармен шығатынын ашық жазды. Бұл екі команданың арасындағы деңгей айырмашылығының тым алшақ екенін меңзейді. Бұл кездесу "Брюгге" бұған дейін ойнаған "Париж Сен-Жермен", "Бавария" немесе "Реал" сияқты алпауыттармен болған текетіреске мүлдем ұқсаған жоқ.
Бельгиялық клуб үшін бұл сапар оңайға соқпаған. Басылым бірнеше қиындықты атап өтті:
• Ұзақ ұшу жолы: Еуропадан Қазақстанға дейінгі арақашықтық.
• Стадион атмосферасы: Аншлагтың болмауы.
• Жасанды төсеніш: Чемпиондар лигасында сирек кездесетін футбол алаңының түрі.
"Брюгге” мұндай ерекше жағдайларға қарамастан, өзіне тиісті үш ұпайды алуы тиіс болатын.
"Көк-Қаралардың" 4:1 есебімен басым түсуі Бельгиялық сарапшылар үшін таңсық емес. Мақалада бұл жеңіс болжамды, лайықты және турнирлік кесте үшін аса қажетті қадам болғаны айтылған.