"Астана" мен "Каспий" клубтарының бұрынғы қақпашысы Марко Милошевич Қазақстанда ойнап жүргенде тап болған ерекше қиындығы туралы айтты, деп хабарлайды Aladop.kz.
Белгілі болғандай, Сербиялық голкипер өзінің аты-жөніне байланысты халықаралық іздеудегі қылмыскермен шатастырылған.
"Қылмыскердің ұлымен аттас болдым"
Марконың айтуынша, оның бар жазығы — Сербияның бұрынғы президенті Слободан Милошевичтің ұлымен есімінің бірдей болуы. Кіші Марко Милошевич қазіргі уақытта Интерпол арқылы халықаралық іздеуде жүрген көрінеді. Осы ұқсастық футболшының қаржылық аударымдарына кесірін тигізген екен.
"Сол уақытта маған өте қиын болды. Слободанның ұлы Марко Милошевичке Интерпол іздеу салғандықтан, мен Қазақстаннан үйіме ақша аударған сайын қатаң тексерістен өтетінмін.” — дейді қақпашы Prosports.kz сайтына берген сұхбатында.
Банктік тексерістерден қалай құтылды?
Футболшының сөзінше, бұл жағдай бір рет емес, әрбір аударым сайын қайталанып отырған. Банк жүйелері оны қауіпті тұлғалар тізіміндегі адаммен шатастырып, транзакцияларын бұғаттаған.
Милошевич мәселені қалай шешті?
Әр жолы құжатпен дәлелдеуден шаршаған ол, ақыры айласын тапқан екен. Ақшаны тікелей өз атынан емес, досы арқылы әйеліне жіберіп отырған. Осылайша, Интерполдың көзіне түспей, қаржылық мәселесін реттеген болып отыр.