Қазақстандық бапкер “Арсеналды” жеңіске жеткізді

13.09.2025, 09:30

Беларусь чемпионатында күтпеген нәтиже тіркелді. Қазақстандық маман Сергей Якушин жаттықтыратын Дзержинскінің "Арсеналы" өз алаңында турнирдің фавориттерінің бірі "Славияны" 1:0 есебімен тізе бүктірді.

Қазақстандық бапкер “Арсеналды” жеңіске жеткізді

Кездесудің тағдырын 71-минутта Александр Французов соққан гол шешті. Бұл доп "Арсеналға” ұзаққа созылған төрт матчтық жеңіссіз сериясын тоқтатуға мүмкіндік берді.

Жеңістен кейін Якушиннің командасы 24 ұпай жинап, турнир кестесінде тоғызыншы орынға көтерілді. Ал "Славия" 41 ұпайымен әлі де екінші орында тұр.

21 қыркүйекте "Арсенал” әйгілі БАТЭ-мен кездеседі, ал "Славия” өз алаңында "Динамо-Брестті" қабылдайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×