Қазақстандық бапкер Чемпиондар Лигасында масқара болды

16.07.2025, 08:57

Владимир Чебурин жаттықтыратын литвалық «Жальгирис» футбол клубы мальтаның «Хамрунына» есе жіберді.

Қазақстандық бапкер Чемпиондар Лигасында масқара болды
«Хамрун» Спартанс - «Жальгирис» кездесуі

Қарымта кездесуде мальталықтар 2:0-мен ұтып, матч қосымша таймда жалғасқан. Жеңімпаз онда да анықталмаған соң, жанкүйерлер пенальтилер сериясын тамашалады. Сонымен, бұл сында алаң иелерінің жолы болды, есеп 11:10. Командалардың 28 рет пенальти тепкенін де айта кету керек. 

Естеріңізге сала кетейік, қос ұжым арасындағы бірінші бәсекеде Владимир Чебуриннің шәкірттері 2:0 есебімен жеңіске жеткен. Енді Литва чемпиондары жарыс жолын конференция Лигасында жалғастырады. Ал «Хамрун» чемпиондар Лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Динамо Киев» клубына қарсылас атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×