Қазақстандық бапкер Конференциялар Лигасы туралы: «Астананың» барлық қарсыласы шамалас

Бүгін, 14:36

Қазақстандық маман Болат Есмағамбетов «Астананың» Конференциялар Лигасындағы қарсыластары мен мүмкіндіктері жайлы айтты.

Қазақстандық бапкер Конференциялар Лигасы туралы: «Астананың» барлық қарсыласы шамалас
«Астана» футболшылары «Ордабасы» қақпасына салған голдарын тойлауда

«Астананың» барлық қарсыласы шамалас. Тек сол «Челси» болмаса қалғаны бір деңгейдегі ұжымдар. «Виториядан» да ұпай алуға болады. Негізгі мәселе елордалықтардың осы ойындарға дайындығына байланысты болмақ. Конференциялар Лигасындағы соңғы ойындары ауыр соғайын деп тұр, себебі, ол кезде премьер-лига аяқталып қояды. Ал «Астана» осы екі аралықты бірдеңемен жамауы керек, әйтпесе команданың дайындығы төмен деңгейде болуы ықтимал»,- деген еді Б. Есмағамбетов. 

Айта кетейік, елордалық команда негізгі кезеңнің бірінші турында сербияның «Бачка-Топола» клубымен ойнап, басым түсті (1:0). Енді «Астана» 25-қазанда сырт алаңда Уэльсте «Нью-Сейнтс» командасымен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
×