Танымал бапкер Болат Есмағамбетов ҚПЛ-дің бірінші турына тоқталып, жаңадан келген легионерлердің өнерін бағалады.
Отандық маманның көңілінен санаулы команданың футболшылары шыққан ұқсайды.
«Жеңіске» Меркель деген келді. Мүлде ұнамады маған. Нани әйтеуір бір пас берді. Онда да қосалқы құрамнан шыққан еді, оны да керемет ойнады деп айта алмайсың. Әзірге, премьер-лиганың жаңа футболшылары өздерін көрсете алған жоқ. Ерекше көңілден шыққаны - «Жеңістегі» грузиялық диаспора. Елордалық клуб сапындағы 3 грузин футболшысының деңгейі жаман емес секілді. Сондай-ақ, «Қайсардағы» өзіміздің қазақ жігіттері жақсы ойнады деп айта аламын.
Болат Есмағамбетов сондай-ақ, премьер-лигада топ-трансфер деп бағаланған Александр Меркель (Жеңіс) мен Луиш Нанидің (Ақтөбе) өнеріне көңілі толмағанын да қоса кетті. Айтуынша, аталған футболшылар тікелей пайдасынан қарағанда жарнама ретінде жүр.
«Қалғандарын білмеймін. Меркель де дұрыс ойын көрсете алмады, ана Нани де солай. Енді ол шал ғой», - деді Б. Есмағамбетов.
ҚПЛ-дің екінші тур ойындары 16-17-наурызға жоспарланған. Әзірге 1-турдан кейін «Астана» мен «Ақтөбе» көш бастады.