Қазақстандық бапкер Ұлттар Лигасы туралы: Меніңше, сырт алаңдағы кездесулерде үміт жоқ

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
13.09.2024, 15:46

Қазақстандық танымал футбол маманы Болат Есмағамбетов «Sports.kz» сайтына берген сұқбатында ел құрама командасының Ұлттар Лигасындағы ұпай санына байланысты болжамын айтты.

Қазақстандық бапкер Ұлттар Лигасы туралы: Меніңше, сырт алаңдағы кездесулерде үміт жоқ
Қазақстан - Норвегия кездесуі

«Ұпай санының қанша боларын дәл болжау қиын. Меніңше, сырт алаңдағы кездесулерде үміт жоқ. Ал өз алаңымздағы ойындарда ұпай алып қалуға әбден болады, тіпті бір рет болса да сенсация жасауға мүмкіндік бар. Қазақстанның бұлай істей алатынына сенімдімін. Енді бұл жерде көп дүние қарсыластар мен турнирлік кестедегі жағдайға байланысты болады ғой. А лигасына топтан тек жалғыз команда ғана тікелей шыға алады және құрамалардың мұндағы матчтарға деген дайындығының қандай деңгейде болары да белгісіз», - деді Болат Есмағамбетов.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар Лигасының 2024/25 жылғы маусымындағы алғашқы екі кездесуінде бір ұпай алды. Станислав Черчесов жаттықтыратын команда алдымен Норвегиямен ұпай бөлісіп (0:0), сырт алаңда Словениядан тас-талқан ұтылды (3:0). Енді біздің құрама үшінші тур аясындағы матчын Аустрияға қарсы өткізбек. Бұл бәсеке 10-қазанда сырт алаңда өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
×