Қазақстандық форвард «Гентпен» келісімшартқа отыруға жақын

21.03.2025, 19:50

«Жеңіс» клубының шабуылшысы Рауль Аллахвердиев бельгиялық «Гент» командасымен келісімшартқа отыруға жақын.

Қазақстандық форвард «Гентпен» келісімшартқа отыруға жақын
Рауль Аллахвердиев

Бұл туралы Meta-ratings.kz мәлімдеме жасаған болатын. 

18-жастағы форвард келесі айда Бельгияға аттанып, клубен келісімшартқа қол қояды. Рауль Аллахвердиев алғашында «Генттің» U-21 жастар құрамасының сапында өнер көрсетеді. 

Рауль Аллахвердиев 15-жасында «Жеңіс» жейдесінде доп тепті. 2023-жылы елордалық команданың шабуылшысы өзінің жасындағы футболшылар арасында ең қымбат 50 ойыншының қатарына енген. 

Transfermarkt порталында футболшының бағасы 175 мың еуро деп көрсетілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×