Қазақстандық функционер: Талғат Маруаұлының бойында қажетті қабілеттің барлығы бар

Бүгін, 13:07

ҚПЛ-де біраз өнер көрсеткен Елмар Нәбиев Қазақстан құрамасының деңгейін бағалады.

Қазақстандық функционер: Талғат Маруаұлының бойында қажетті қабілеттің барлығы бар
Талғат Байсуфинов

Футбол функционері сондай-ақ, бас бапкер Талғат Байсуфиновтың қызметіне тоқталған болатын.

«Қазақстан құрамасының деңгейі өскен. Физика тұрғысында, психологиялық жағынан да солай, себебі, біздің бапкер нағыз макисмалист, патриот. Талғат Маруаұлының бойында қажетті қабілеттің барлығы бар. Футболшыларды жігерлендіретініндей басқа ешкімнің қолынан келмейді. Бұған қоса қазіргі күні команда құрамында үнемі алға ұмтылып, гол салғысы келетін жасдар да жүр. Мұндайды көрмегенімізге біраз болып қалған еді», - деді Е. Нәбиев «Sports.kz» порталына берген сұқбатында.

Қазақстан FIFA Series турнирінің аясында ертең Комор аралдарының құрамасымен жолығады. Бұл бәсеке 17:00-ге жоспарланған. Осыған дейін Талғат Байсуфиновтың шәкірттері Намибияның 2:0-мен жеңіген. Қазақстан сапындағы гол авторларлы Ян Вороговский мен Әлібек Қасым. Комор аралдары пенальти сериясында Намибияға жол берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×