Қазақстандық футболшы Беларусь ұжымына қосыла алмады

Бүгін, 11:05

Қазақстандық жас футболшы Олжас Әділдің шетелдік клубта бағын сынап көрмек болған талпынысы нәтижесіз аяқталды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Қазақстандық футболшы Беларусь ұжымына қосыла алмады

Бұған дейін Беларусьтің Могилев қаласындағы "Днепр” клубына қаралымға баратыны айтылған 22 жастағы ойыншы команда лагерінен кетті.

Legalbet.kz басылымының хабарлауынша, трансфердің жүзеге аспауына екі жақтың қаралым шарттары бойынша ортақ мәмілеге келе алмауы себеп болған. Бұған дейін Беларусь БАҚ-тары Олжас Әділдің Могилевке келгенін, тіпті клубтың алдағы жолдастық кездесуінде алаңға шығатынын жарыса жазған болатын.

Алайда, келіссөздер барысында тараптар талаптарды келісе алмай, футболшы команда орналасқан жерден аттанып кеткен екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×