Португалияның "Бенфика" клубының шабуылшысы, 15 жастағы Қазақстандық Чингиз Аликeев жаңа маусымдағы алғашқы голын соғып, командасының жеңісіне үлес қосты.
Лиссабондықтар U-17 командасы "Амора” командасын 7:0 есебімен ұтты. Отандасымыз 65 минутты алаңда өткізіп, бір голдың авторы атанды.
Астана қаласының тумасы өткен маусымда "Бенфика” U-16 құрамымен Португалия чемпионы атанып, 22 матчта 8 гол және 3 нәтижелі пас берген.
Жас талант Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының ойыншысы.