Кипрдің Екінші дивизионының екінші турында «Акритас Хлоракас» командасы «Асил» клубын 4:0 есебімен жеңді.
Алаң иелерінің бұл бәсекедегі екі голын Ғалымжан Кенжебек салды. Қазақстандық жартылай қорғаушы кездесудің бірінші таймында (22-минут) және 50-минутта қарсылас қақпасынан саңылау тауып, мергендігімен көзге түскен.
Айта кетейік бұл, Ғалымжан Кенжебектің кипрлік клуб қатарындағы екінші матчы болатын. 21-жасар ойыншы «Қайраттың» түлегі саналады. Футболшы осы маусымның бірінші жартысын «Жеңістің» жейдесінде өткізді. Онда барлық турнирлердегі 14 ойында бір доп соққан. Сондай-ақ, жартылай қорғаушы өзінің мансабында «Мақтарал» намысын қорғаған еді.
Біздің серіктес: FONBET