Қазақстан құрамасының футболшысы Ғалымжан Кенжебек алдағы уақытта Испания немесе Бельгиялық клубтың біріне ауысуы мүмкін. Бұл туралы жуырда жартылай қорғаушының өкілі Мамука Ломидзе мәлімдеген еді.
«Испаниямен болған ойыннан кейін Ғалымжанның тарапына қызығушылық болды. Біраз клуб менен ол туралы ақпарат сұраған және оның ішінде тек Испания емес, басқа да елдер бар. Чехия, Аустрия, Бельгия мен Словакия болды. Әрине, дәл қазір ұсыныс бар және ол команда ауыстырады деуге келмейді, себебі, қысқы трансферлік терезенің жұмысы енді жандануда. Осы қыста не ары кетсе жазда басқа клубқа ауысады деп үміттенемін», - деген болатын футболшының өкілі.
Ғалымжан Кенжебек қазір Кипрдің екінші дивизионындағы «Акритас» атты команданың намысын қорғайды. Отандасымыз жеті кездесуде үш рет мергендік танытып, бір ассист берген. 21 жастағы жартылай қорғаушы «Қайраттың» түлегі саналады. Футболшы осыған дейін «Мақтаарал» мен «Жеңістің» жейдесінде өнер көрсеткен еді.
Біздің серіктес: FONBET