Қазақ баласы әлем рейтингінде 1-орынға шықты

03.01.2026, 18:56

Беделді Transferroom порталы 2026 жылдың ең үздік әрі ең болашағы зор жас футболшыларының (U-21) рейтингін жариялады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Қазақ баласы әлем рейтингінде 1-орынға шықты

"Қайраттың” жауһары әлемдік тізімдe көш бастады

Рейтинг қорытындысы бойынша, алматылық "Қайраттың” 17 жасар үздігі Дастан Сәтпаев планетаның ең талантты жас ойыншысы деп танылды. Ол әлемдік деңгейдегі өзге де жарық жұлдыздарды артқа тастап, көш басына орналасты.

Transferroom сарапшылары Дастанның әлеуетін (potential) 88,6 деп бағалады. Бұл — оның жақын болашақта әлемдік деңгейдегі супержұлдызға айналатынының тікелей дәлелі.

Үздік ондық: Дастан кімдерді шаң қаптырды?

Дастан Сәтпаев тек Қазақстанда ғана емес, Бразилия, Сербия және Украинаның ең мықты таланттарынан озып кетті.

Әлемнің ең үздік 10 жас футболшысының тізімі мынадай:

1. Дастан Сәтпаев — 17 жас ("Қайрат”, Қазақстан)

2. Дерек Монкада — 18 жас ("Олимпия")

3. Эсклейзон Фрейта — 18 жас ("Боливар")

4. Василий Костов — 17 жас ("Црвена Звезда")

5. Кауа Элиас — 19 жас ("Шахтёр Донецк")

... және басқалары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×