"Астана" клубы мен Қазақстан жастар құрамасының (U21) ойыншысы Нұрәли Жақсылық жаңа маусым қарсаңында саптан шығып қалды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Ойыншы қазіргі уақытта шетелдік клубтағы оқу-жаттығу жиыны кезінде алған жарақатын емдеп жатыр.
Бұл туралы ақпаратты Legalbet.kz порталы хабарлады. Футболшының айтуынша, денсаулығына байланысты туындаған қиындықтарға Грузиядағы алаңның сапасы себеп болған.
"Қазір бәрі жақсы. Грузиядағы алаңның қаттылығына байланысты тіземе сәл салмақ түсіп кетті. Сондықтан дәрігерлер біраз үзіліс жасап, содан кейін барып жаттығуға кірісу керектігін айтты. Маусымның басын өткізіп аламын ба? Меніңше, оған дейін толық айығып үлгеремін.” — деді Нұрәли Жақсылық.