Қазақстандық футболшы өмір бойына футболдан шеттетілді

21.04.2025, 09:30

Ресейдің екінші лига клубы "Коломна" сапында өнер көрсететкен 21 жасар Қазақстандық футболшы Қадырғали Симбаев келісілген ойынға қатысы бар деген айыппен өмір бойына футболдан аластатылды.

Қазақстандық футболшы өмір бойына футболдан шеттетілді

2024 жылы шілде айында Ресейдегі кубоктық ойындардың алғашқы кезеңінде Симбаев өнер көрсеткен команда қарсыласынан 1:8 есебімен ауыр жеңіліс тапты.

Ойын барысы күдік тудырып, бұл матчқа байланысты қасақана жеңілу немесе алаяқтық сипаттағы іс-әрекеттер орын алған деген болжамдар айтылды.

Симбаев сол ойында 19-минутта ірі қателікке жол беріп, соның салдарынан команда гол жіберген еді.

Матчтан кейін "Коломна” клубы Симбаевпен келісімшартты бұзды. Кейбір ақпарат көздеріне сәйкес, футболшының әлеуметтік желідегі парақшасы келісілген матчтарға қатысты топтарға жазылғаны анықталған.

Кейіннен Ресей футбол ұйымдары тарапынан тексеріс жүргізіліп, Қадырғали Симбаевтың футбол ережелеріне қайшы әрекетке барғаны дәлелденді.

Нәтижесінде оған өмір бойы ресми футбол жарыстарына қатысуға тыйым салу жазасы тағайындалды.

Қадырғали Симбаев өзіне тағылған айыппен келіспейтінін айтып, бұл іске ешқандай қатысы жоғын мәлімдеді. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасы бұзылып, сол арқылы жалған мәліметтер таралғанын жеткізді. Сонымен қатар, әділ тергеу жүргізілуін қалап отыр.

Айболат Өнер

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 3
Күлкілі 6
Масқара 8
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×