Ресейдің беделді спорт сарапшылары Қазақстан құрамасының капитаны Нұралы Әліпті Ресей Премьер лигасының қазан айындағы ең үздік футболшысы деп таныды.
“Советский спорт” басылымы мен RUSTAT компаниясы бірлесіп жариялаған айдың символикалық құрамында Нұралы жеке көрсеткіштерімен дараланды.
Мамандардың айтуынша, Маңғыстаулық футболшы жарақат алған Дуглас Сантостың орнын мінсіз алмастырды. Ол қазан айында тек қорғаныстағы қарқынды ойынымен ғана көзге түспей, “Сочи” қақпасына жеңіс голын соққан еді.