Ғалымжан Кенжебек Грозныйлық “Ахмат” клубының сапындағы алғашқы оқу-жаттығу жиыны туралы өз әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Aladop.kz.
Ол Ресей Премьер лигасының командасындағы қарқынға бейімделу оңайға соқпай жатқанын жасырмады.
Кенжебектің айтуынша, ұзақ уақыт бойы ресми матчтар мен жаттығулардан тыс қалуы оның физикалық дайындығына әсер еткен.
“Әрине, қазір өте қиын болып жатыр. Бірақ бұл бізге қажет. Мен екі ай бойы жасыл алаңға шыққан жоқпын, ойын практикасы болмады. Сондықтан бабымды қалпына келтіру үшін қажырлы еңбек керек.” — деді Ғалымжан.