"Зениттің" Қазақстандық қорғаушысы Нұралы Әліп Ресей Премьер лигасының 6-турындағы "Динамо-Махачқалаға" қарсы ойында өз командасындағы ең төмен бағаға ие болды.
Санкт-Петербургте өткен кездесуде алаң иелері айқын жеңіске жетті. Алип 68-минутта алаңға шықты. Алайда оған берілген баға Flashscore нұсқасы бойынша – 6.7.
Ең жоғары баға "Зенит" сапынан Максим Глушенковқа берілді – 8.5. Ол да 68-минутта алаңға шығып, қонақтардың қақпасына төртінші голды соққан еді.
Бұл Нұралы Әліптің биылғы маусымдағы РПЛ-дегі үшінші ойыны.
Алты турдан кейін "Зенит” 9 ұпаймен турнир кестесінде 5-орында тұр.