Қазақстандық футболшы Ресейлік ұжымның қорғанысында жалғыз қалуы мүмкін

11.10.2025, 12:00

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп Ресей кубогында шетелдік ойыншыларға шектеу енгізілсе, "Зениттің" негізгі және жалғыз орталық қорғаушысы болып қалуы ықтимал.

Қазақстандық футболшы Ресейлік ұжымның қорғанысында жалғыз қалуы мүмкін

Ресейлік БАҚ хабарлауынша, елдің спорт министрі Михаил Дегтярев спорттық комментаторлар қауымдастығымен кездесу барысында қызықты ұсынысқа назар аударған. Онда Кубок матчтарына тек Ресей құрамасында ойнауға құқығы бар футболшыларды ғана қатыстыру мәселесі көтерілген. Министр бұл бастаманы қызықты идея деп атап, оны талқылауға уәде берген.

Егер мұндай шектеу қабылданса, Кубок ойындарына тек Ресей азаматтары және Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің футболшылары қатыса алады. Бұл тізімге Беларусь, Армения, Қырғызстан және Қазақстан кіреді. Осы себепті Нұралы Әліп легионер қатарына жатпайды және жаңа ережелер күшіне енсе де, "Зенит” сапында еркін ойнай алады.

Мұндай жағдайда Петерборлық клубтың орталық қорғанысында тек Әліп қана ресми түрде ойнауға рұқсат алуы мүмкін. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×