Қазақстандық футболшы шетелдік клубтардың ұсынысынан бас тартты

04.01.2026, 14:59

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Александр Зуев мансабын туған қаласында жалғастыруды жөн көрді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Қазақстандық футболшы шетелдік клубтардың ұсынысынан бас тартты

Мәскеулік "Спартактың" түлегі Қостанайлық "Тобылмен” жаңа келісімшартқа отырады.

Шетелден ұсыныс түссе де, жүрегі "Тобыл" деді

Серый CARDINAL телеграм арнасының хабарлауынша, тәжірибелі футболшыға шетелдік ұжымдар тарапынан қызығушылық жоғары болған. Алайда, Александр Қостанайда қалуды басты орынға қойған екен.

Өткен маусымда Зуев "Тобылдың” табысты өнер көрсетуіне зор үлес қосты. Қазақстан Премьер-лигасында 5 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді және Қазақстан Кубогын иеленіп, жанкүйерлердің ықыласына бөленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×