Қазақстандық футболшы Шотландиялық клубтың көшбасшысына айналмақ ба?

14.10.2025, 19:00

WhoScored.com талдаушысы және Perth to Paisley подкастының авторы Адам Кеннеди Қазақстандық шабуылшы Ислам Чесноков “Хартс” командасының негізгі ойыншыларының бірі бола алатынын айтты.

Қазақстандық футболшы Шотландиялық клубтың көшбасшысына айналмақ ба?

“Қазір “Хартс” жеңісті ойындарында бірдей құраммен шығуда, бірақ менің ойымша, Чесноков негізгі құрамнан өз орнын табады. Қазір оң қапталда табиғи позициясы сол жақ қорғаушы Гарри Милн ойнап жүр. Ал Исламның жылдамдығы, дәл пас беру қабілеті және гол соғу инстинкті оны осы позицияда маңызды ойыншыға айналдырады. Біз оның келуін үлкен қызығушылықпен күтіп отырмыз.” – деді Кеннеди.

Сарапшы сондай-ақ Шотландия чемпионатының деңгейіне баға беріп, елге келуі мүмкін тағы бір қазақстандық ойыншы Ғалымжан Кенжебекке де пікір білдірді:

“Бұл лига өзін көрсетуге тамаша мүмкіндік. Шотландиялық футбол бай тарихымен, адал жанкүйерлерімен және ерекше атмосферасымен ерекшеленеді. Еуропада халық санына шаққанда ең танымал чемпионаттардың бірі болып саналады. Маусым сайын турнир сапалық тұрғыдан өсіп келеді және талантты ойыншылар үшін тамаша даму алаңы болып табылады.” – деп қосты ол.

Айта кетсек, қазіргі таңда Шотланд Премьер лигасында көш бастап тұрған дәл осы “Хартс” ұжымының бас бапкері Дерек Макиннес “Тобылдың” 25 жастағы шабуылшысы Ислам Чесноковтың қысқы трансфер кезінде командаға ауысатынын растаған болатын.

Биылғы маусымда Чесноковтың еншісінде 10 гол және 4 нәтижелі пас бар.

Сонымен қатар ASnews.kz мәліметінше, “Хартс” скауттары Ғалымжан Кенжебектің ойынын да бақылауда ұстап отыр. Клубтың скауттық қызметі 22 жастағы қаптал шабуылшының соңғы халықаралық үзіліс кезіндегі ойындарын мұқият қадағалаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×