Биылғы қысқы трансфер кезеңінде Түріктің "Серикспор" клубына ауысқан Қазақстандық қорғаушы Лев Скворцов жаңа командасындағы алғашқы әсерлерімен бөлісті, деп хабарлайды Aladop.kz.
"Түркия бірінші лигасының деңгейі Қазақстан чемпионатынан әлдеқайда жоғары"
Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында Түркия футболы мен Қазақстан Премьер лигасыр салыстыра келе, өз ойын ашық айтты.
Футболшының айтуынша, қазіргі таңда оның клубы Антальяның Белек аймағында орналасқан. Онда спортшылар үшін барлық жағдай жасалған; заманауи инфрақұрылым мен жоғары деңгейдегі қызмет, лигада сапалы легионерлердің көптігі футбол деңгейін айтарлықтай көтерген.
"Түркияның Бірінші лигасы мен Қазақстан Премьер лигасын салыстырсақ, мұндағы деңгей әлдеқайда жоғары. Биыл Қазақстанда тартысты маусым болады деп ойлаймын, бірақ Түркиядағы қарқын мүлдем бөлек." — дейді Скворцов.
24 жастағы қорғаушы әр ойында барын салып, өзін жақсы қырынан көрсетуге тырысатынын жеткізді. Оның басты мақсаты — Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабының назарына ілігу.
"Әр матчта барымды саламын. Құдай қаласа, ұлттық құрама бапкерінің назарына ілігіп, өз мықтылығымды дәлелдеуге мүмкіндік туады деп сенемін.” — деп түйіндеді ол.
Айта кетейік, Түркия бірінші лигасы – TFF 1. Lig елде деңгей бойынша Түркия Супер лигасынан кейінгі екінші орында.