Ұлттық құраманың бұрыңғы жартылай қорғаушысы Юрий Перцух құрамнан шеттетілуіне қатысты ащы шындықты айтты, деп хабарлайды Aladop.kz.
Қазақстан ұлттық құрамасының алдағы FIFA Series 26 турниріне қатысатын құрамға ілікпей қалған ойыншылардың бірі — Юрий Перцух. Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында ол өзінің қазіргі көңіл-күйі мен құрамаға шақырту алмауына қатысты кесімді пікірін білдірді.
Тілшінің "Алдағы матчтарға шақырту күттіңіз бе?” деген сауалына Юрий еш іркілместен, тіпті сәл мысқылмен жауап берді. Оның сөзінен бапкерлер штабының назарынан тыс қалғанына еті үйреніп кеткені байқалады.
"Менде бәрі жақсы. Қызық сұрақ екен. Бұған дейін шақырып жүргендей сұрадыңыз ғой. Жоқ, күткен де емеспін, күтпеймін де!.” — деп мәлімдеді Перцух.