Қазақстан ұлттық құрамасының және "Елімай" клубының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебекке шетелдік клубтардың қызығушылығы артып келеді. Бұл туралы футболшының агенті Мамука Ломидзе мәлімдеді.
Агенттің айтуынша, Кенжебектің қазіргі маусымдағы ойыны жоғары деңгейде жүріп жатыр, сондықтан оған назар аударатын клубтар саны да көбейген.
"Құдай қаласа, бәрі жақсы жүріп жатыр. Ең бастысы оның денсаулығы. Чемпионатты толық ойнап бітіру, содан кейін ұлттық құрамада жақсы ойнау маңызды. Қазір ол өзін өте жақсы көрсетіп жүр, "Елімайда" да, құрамада да кәсіби шеберлігін дәлелдеп жатыр.” – деді Ломидзе.
Ол сондай-ақ Кенжебекке тек Еуропалық клубтар ғана емес, Ресейлік командалар да назар салып отырғанын айтты. Алайда нақты ұсыныстар туралы айтуға әлі ерте екенін жеткізді:
"Қазір нақты ештеңе жоқ. Барлық қызығушылық шын, бірақ келіссөздердің нақты кезеңі кейін басталады. Қай клубқа, қалай ауысатыны маусым аяқталған соң белгілі болады.” – деп түйіндеді агент.
– Legalbet.kz