Әлібек Қасымға жылына 200 мың еуро төлеуге дайын, деп хабарлайды Aladop.kz.
Қазақстан ұлттық құрамасының орталық қорғаушысы Әлібек Қасымға Aраб әлемінің клубтары тарапынан қызығушылық артып отыр. Legalbet.kz порталының мәліметінше, отандық футболшының мансабын Таяу Шығыста жалғастыру мүмкіндігі бар.
Кувейт чемпионатының бір клубы Әлібекке ресми ұсыныс тастаған. Олар қорғаушының қызметі үшін жылына 150-200 мың еуро көлемінде жалақы төлеуге дайын екенін білдірді.
Қазіргі таңда барлық мәселе футболшының шешіміне келіп тіреліп тұр. Әлібек Қасымның бұл ұсынысты қабылдап, легионер атануға бел буатыны немесе Қазақстан Премьер лигасында қалатыны әзірге белгісіз.