Топ-клубтарға қарсы матч «Қайратқа» не береді? Эксперттер бірнеше плюсті атады

17.09.2025, 11:57

Португалиялық агент Карлуш Гонсалвеш «Қайратқа» қарсы матч алдында қазақстандық клубқа ЧЛ-ның негізгі кезеңінде берілетін мүмкіндіктер жайлы айтты.

Топ-клубтарға қарсы матч «Қайратқа» не береді? Эксперттер бірнеше плюсті атады
"Қайрат" ФК футболшылары

Бүгін алматылық команда «Спортингке» қарсы матчта турнирдің топтық кезеңіндегі дебюттік ойынын өткізеді.  

«Чемпиондар лигасына шыққаны – қазақстандықтарға деген керемет мүмкіндік. Мұндай турнирде алаңға шығатын футболшылар тек топ-клубтарға қарсы ойыннан ләззат алып қоймай, әлемдік скауттардың назарына ілігеді. Сіздердің футболшыларыңыздан зор әлеует көремін – олардың Еуропада ойнай алатын қауқары бар. Бастысы осы таланттар тұрақты өнер көрсетіп, бәсекелестігі жоғары ортаға тез бейімделіп кетуі керек. Егер жігіттер алдағы ЧЛ-ның кезеңін ойдағыдай өткізсе, мықты клубтарға кетулеріне ешқандай кедергі көріп тұрғам жоқ», - деді маман «ASnews.kz» порталына берген сұқбатында.       

ЧЛ екінші турында «Қайрат» 30-қыркүйекте «Реалды» қабылдайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×