Қазақстандық футболшылардың қарсыластары мықты құрамалар және олардан ұтылу ұят емес

15.10.2024, 11:08

Қазақстан құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Георгий Жуков қазақстандық футболшылардың Ұлттар Лигасындағы өнеріне тоқталып, Станислав Черчесовтың жұмысы жайлы өз пікірін айтты.

Қазақстандық футболшылардың қарсыластары мықты құрамалар және олардан ұтылу ұят емес
Георгий Жуков

«Қазақстан құрамасының футболшыларына қарасақ, онда жоғары деңгейде ойнайтын футболшылардың аз екенін байқауға болады. Ал ондай дәрежеде жүргендердің өзінде ойын тәжірибесі жоқ. Сондықтан, Черчесовке мықты құрам жасақтау қиын. Себебі, оның Норвегия, Аустрия мен Словенияның бапкерлеріндегідей таңдау жасау мүмкіндігі жоқ.

Қазақстан құрамасының бұрынғыдан көрі мықтырақ топқа шыққанын ескерсек, Норвегиямен тең ойынды жақсы нәтиже деуге болады. Аустрия құрамасынан кез-келген команда ұтылуы мүмкін. Словенияға қарсы өткен соңғы кездесуде Қазақстан жақсы өнер көрсетіп, ұтып кетуі де мүмкін еді, алайда, жеңіліс тапты. Қазақстандық футболшылардың қарсыластары мықты құрамалар және олардан ұтылу ұят емес. Сондықтан, дүрлігудің қажеті жоқ. Тек нәтиже емес, ойынның мазмұнына қарау керек. Футбол бұл тек эмоциялар ғана емес қой, онда сапа мен тұрақтылық бар. Қазақстан құрамасының футболшылары аяқ асты доп тебе алмай қалды деп ойламаймын», - деді Г.Жуков.

Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасының төрт турында бірақ ұпай алып, өзінің тобында соңғы орында келеді. Станислав Черчесовтың командасы келесі кездесуін Аустриямен өткізеді. Бұл бәсеке 14-қарашада өтеді.  Соңғы турда сырт алаңда Норвегияға қарсы тұрмақ. Бұл ойын қарашаның он жетісіне жоспарланған.          

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 22
Ұнамайды 2
Күлкілі 2
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×