Қазақстандық футболшының Беларусь еліндегі мансабы аяқталды

17.01.2026, 14:38

Мирас Көбеев "Ислочьтан" кетті, деп хабарлайды Aladop.kz.

Қазақстандық футболшының Беларусь еліндегі мансабы аяқталды

Vesti.kz мәліметінше "Қайрат" футбол академиясының түлегі, Қазақстандық жартылай қорғаушы Мирас Көбеев Беларусьтік "Ислочь” командасымен қоштасты.

21 жастағы футболшы аталған клуб сапында 2024 жылдан бері өнер көрсетіп келген болатын. Осы уақыт ішінде ол барлық турнирлерде 46 кездесуге қатысып, 2 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

Өткен маусымда Беларусь чемпионатының 10-турында "Арсеналға” қарсы ойында (4:0) Мирас тізесінен ауыр жарақат алған еді. Соның салдарынан ол біраз уақыт алаңға шыға алмады.

Футболшының айтуынша, қазіргі таңда оңалту процесі аяқталуға жақын. Қаңтар айында ол толықтай қатарға қосылып, жаттығу жұмыстарына кіріседі деп күтілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×