Словакия чемпионатының 11-турында Қазақстандық футболшы Шахмұрза Адырбеков өнер көрсететін "Тренчин" клубы өз алаңында "Скалица" командасын қабылдап, матч 1:1 есебімен аяқталды. Словакия чемпионатының 11-турында Қазақстандық футболшы Шахмұрза Адырбеков өнер көрсететін "Тренчин" клубы өз алаңында "Скалица" командасын қабылдап, матч 1:1 есебімен аяқталды.
Ойын барысында алаң иелерінен Лукас Сковайса, ал қонақтар сапынан Адам Моронг гол соқты.
19 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Шахмұрза Адырбеков бұл матчқа команданың негізгі құрамына енгізілмеді. Ағымдағы маусымда ол барлығы үш ойынға қатысып, бір сары қағаз алған.
Қазіргі уақытта "Тренчин” Словакия чемпионатында 13 ұпаймен алтыншы орында келеді. Команда маусым басында тұрақсыз өнер көрсеткенімен, соңғы турларда нәтижесін біртіндеп жақсартуда.