Испания чемпионатының бесінші дивизионында өнер көрсететін “Сеута Б” командасының Қазақстандық шабуылшысы Данил Анкудинов командасын жеңіске жетеледі.
Sports.kz мәліметінше Турнирдің 8-турында өткен “Сеута Б” – “Дос Эрманас” кездесуінде алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ойын тағдырын шешкен жалғыз голды Анкудинов матчтың 90+2 минутында соғып, командасына үш ұпай әкелді.
Бұл жеңістен кейін “Сеута Б” турнир кестесінде 5-орынға көтерілді. Қазір команда қоржынында 13 ұпай бар.