Қазақстандық футболшының жарақатынан айығуы жалғасуда

Бүгін, 15:46

Бахтиер Зайнутдинов "Спартакқа" қарсы ойын мен Қазақстан құрамасының матчтарынан тыс қалуы мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.

Қазақстандық футболшының жарақатынан айығуы жалғасуда

Мәскеулік "Динамоның" жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов жарақатынан толық айықпады.

Мәліметтерге сүйенсек қазіргі таңда футболшы жалпы топта емес, жеке бағдарлама бойынша қалпына келтіру жаттығуларын өткізіп жатыр.

"Динамоның" Мәскеулік "Спартакқа" қарсы маңызды Кубоктық матчына да Батеканың қатысуы екіталай.

"Бешикташтан” ауысқаннан бері 27 жастағы Зайнутдинов “Динамо" сапында 10 матч өткізгенімен, әлі нәтижелі әрекеттерімен (гол немесе пас) көзге түсе қойған жоқ. 

Бахтиердың денсаулығына қатысты жағдай Ұлттық құрама жанкүйерлерін де алаңдатары сөзсіз. Нақтырақ айтқанда алдағы наурыз айында Қазақстан халықаралық FIFA Series турнирін қабылдайтын елдердің бірі болады.

Егер қалпына келтіру процесі созылып кетсе, Зайнутдинов наурыздағы өз үйімізде өтетін маңызды кездесулерде құрамаға көмектесе алмауы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×