Әзербайжан кубогының ширек финалындағы қарымта кездесуде "Габала" мен "Сабах" ұжымдары нағыз голдар шоуын көрсетті. Алғашқы ойында есеп ашылмағандықтан (0:0), бұл матчтың маңызы екі есе жоғары болды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Ойынның негізгі уақыты аса тартысты өтіп, 2:2 есебімен тең аяқталды. Қос команда қосымша уақытта да бір-бір голдан алмасып, таблодағы көрсеткіш 3:3-ке жетті.
"Габала” сапынан Адриэль (48') және дубль жасаған И. Акинаде (88', 90') көзге түсті.
"Сабах" сапынан Н. Әлиев (50') пен экстра-таймдағы голдардың авторы Н. Рашидов (115’, 117') мергендік танытты.
Жеңімпазды анықтау үшін орындалған пенальти сериясында Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Стас Покатилов нағыз батыр атанды. Ол қарсыластың екі соққысын қайтарып, командасына 4:2 есебімен жеңіс сыйлады. Осылайша, Покатиловтың шеберлігі "Сабахты” турнирдің жартылай финалына алып шықты.
Бұл екі клуб биылғы маусымда жиі кездесуде. Соңғы нәтижелер "Сабахтың” басымдығын көрсетіп отыр.
– 05.03.2026 (Кубок): "Габала 3-3” Сабах (пенальти сериясында 2-4)
– 16.02.2026 (Премьер лига): "Габала" 0-1 "Сабах"
– 04.02.2026 (Кубок): "Сабах" 0-0 "Габала"
– 03.11.2025 (Премьер лига): "Сабах” 1:0 "Габала"