"Алға" футбол клубы қақпашы Евгений Ситдиковпен келісімшартқа отырғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Евгений бұған дейін Қазақстанның Бірінші лигасында ойнайтын "СД Фэмили” командасының намысын қорғаған болатын.
24 жастағы қақпашы “Ақтөбе” футбол клубының түлегі болып табылады.
2025 жылғы маусымда ол команданың негізгі ойыншылардың бірі болып, 16 кездесуде алаңға шықты. Соның ішінде 4 ойында қарсыластарына гол соғуға мүмкіндік бермей, қақпасын құрғақ сақтап қалған.